Серік Әбдікәрімұлы Момынов 1990 жылдың 11 ақпанында дүниеге келген. 2007 жылы Шыршық қаласының №9 орта мектебін бітірген. 2013 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасын «Туризм» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының магистратурасын «Туризм» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін ала отырып бітірді. 2016 жылдың қаңтар- қыркүйек айлары аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының маманы болып жұмыс істеді. 2019-2020 оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істейді. Дәріс, семинар және зертханалық сабақтарды жүргізеді. 2019-2020 оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін география және табиғатты пайдалану факультетінің СҒЗЖ төрағасы. 2021-2022 оқу жылында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен «Үздік эдвайзер – 2022» байқауында «Үздік эдвайзер апталығы» номинациясының жеңімпазы. Халықаралық рецензияланған журналдарда бірлесіп жазылған бірнеше ғылыми мақалалары, сонымен бірге сертификаттары, грамоталары мен дипломдары бар.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2013
Қызығушылығы